Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, ас дайындау және тарату орындарының тазалығы, азық-түлік өнімдерінің сақталу талаптары, тағамдардың сапасы мен жарамдылық мерзімдері қаралды.
Сонымен қатар, дайын тағамдардың оқушыларға белгіленген мәзірге сәйкес берілуі, тағамның температуралық жағдайы және асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы бақылауға алынды.
Тексеру нәтижесінде асхананың жалпы санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.



