Оқушылар мен ата-аналарды кітап оқуға тарту, отбасылық оқырман мәдениетін қалыптастыру, ата-аналар мен балалардың рухани байланысын нығайту мақсатында «Сам жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Турсынбаева Алмаханның ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында — жыл бойы жалғасатын «Оқырман отбасы» марафонының екінші кезеңі өткізілді.
Бұл кезең қазақ әдебиетінің абызы атанған Шерхан Мұртазаның оқырман жүрегін тербеген «Бір кем дүние» кітабына арналды. Бұл кітапта өмірдің мәні, адамгершілік, қоғам, тәрбие, адалдық – бәрі жүрекке жетерлік ойлармен берілген.
Сайысымыздың бірінші кезең қорытындысы бойынша екінші кезеңге 8 қатысушы өткен болатын, 4 қатысушы өз еркімен сайысқа қатысудан бас тартты.
Сайыс Қатысушылары:
1. 9 «Ә» сынып оқушысы Орынбасар Ернұр анасы Қойшыбаева Үміт
2. 6 «А» сынып оқушысы Балтабай Ринат анасы Жұмабаева Еркінай
3. 5 «Б» сынып оқушысы Жасан Қазына анасы Таңбаева Толғанай
4. 5 «В» сынып оқушысы Аманбай Расул анасы Кауханова Бақтылы
Сайыс ережесі:
1-бөлім: Оқушылардың шығармашылық эссесі
Тақырып: “Жүген алып жүгірген бала”
Талаптар:
Шығарма мазмұнын түсіну
Негізгі ойды ашу: адалдық, жауапкершілік.
Өз ой-пікірі мен мысал келтіру
(10 ұпай)
2-бөлім. «Ата-аналар білімі» бөлімі
«Ой түйін» — Сұрақ-жауап.
1. «Бір кем дүние» кітабындағы бір ойтолғаудың мағынасын ашып айту.
2.Өмірлік – танымдық сұрақтар.
Талаптар:
1. Шығарманың мағынасын ашып түсіндіруі
2. Өмірмен байланыстыру.
3. Тілдегі көркемдік, сөйлемдегі жүйелілік
(Әр сұрақ 10 ұпайдан жалпы 20 ұпай)
Әділқазы алқасы:
1.Сайысымыздың бірінші кезеңінде «Сыр сөз» кітап оқу клубының жетекшісі
Тәжиев Рахат Қәдірбергенұлы әділқазылық еткен болатын. Қәзіргі таңда Рахаттың басқа қалаға қоныс аударуына байланысты, өзінің ұсынысымен ауданымызда жастарды кітап оқуға баулып, рухани құндылықтарымызды насихаттап жүрген азамат Жанбай Найзабек Қонысбайұлы – «Тұлға» оқу орталығының директоры
2. Мектебімізде пән бірлестіктері арасында өткен «Біз оқыған бір кітап…» атты сайыс жеңімпазы, кітапқұмар Қалдыбаева Айжан Әжіханқызы — мектебіміздің информатика пәні мұғалімі.
3.Оқырман отбасы сайысының екінші кезеңінде оқушыларға эссе жазу тапсырмасы берілгендіктен, оқушылардың жазба жұмыстарының мазмұнын, құрылымын, сауаттылығын әділ әрі кәсіби бағалау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімін әділқазы мүшесі ретінде енгізуді жөн көрдік.
Мектебіміздің педагог зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Чопанова Гүлжайнар Асқарбаевна бүгінгі сайысқа әділқазылық етті.
Әр кезеңде аз ұпай жинаған бір отбасы келесі кезеңге өте алмайтындығын ескертіп өтті.
Ал келесі кезеңде біз басқа бір тамаша туындымен қайта қауышатын боламыз.
— Кітап оқу – тек білім беру ғана емес, сонымен қатар баланың тұлғалық қасиеттерін дамытатын, оның болашағына бағыт беретін маңызды әрекет.
— Әрбір кітап – бұл жаңа әлемге ашылған есік.
— Оқыған ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
#ОқырманОтбасы2025
#КітапОқуМәдениеті
#БалаларКітапханасы
#Біртұтастәрбие
