Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
 Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тағамдардың сапасы, дайындалу технологиясы және сақтау талаптарының сақталуы қаралды. Сонымен қатар, асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасы мен медициналық құжаттары тексерілді.
Комиссия мүшелері ас мәзірінің бекітілген нормаларға сәйкестігін, тағамдардың шығу нормасын және күнделікті бракераж журналының дұрыс толтырылуын бақылаудан өткізді. Құжаттамалар толық қаралып, тиісті талаптарға сәйкестігі анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша асхана жұмысы жалпы қанағаттанарлық деп бағаланды. Анықталған ұсақ кемшіліктер бойынша жауапты қызметкерлерге ескерту жасалып, оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.