Мектеп асханасы
Асхана қызметкерлерінің жұмысын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақталуына бракераж комиссияның тексеруі айына екі рет жүргізіліп отырады. 14.10.2023ж күні бракераж комиссияның тексеруге қатысу мақсаты: Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың талапқа сай екендігін қадағалау және сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайлары тексерілді.
2023-2024 оқу жылынан бастап 1-4 сынып, яғни бастауыш сынып білім алушылары толық ыстық тамақ ішу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша 358 білім алушы және әлеуметтік санаттарына қарай 5-11 сыныптардан 246 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.
