Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектеп асханасының санитарлық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында асхананың тазалығы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, асхана құралдарының жай-күйі назарға алынды. Оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігі, тағамдардың дайындалуы, сақталу жағдайы және күнделікті ас мәзірінің талаптарға сәйкестігі қаралды.Сонымен қатар мектеп асханасына қатысты құжаттардың жүргізілуі, ас мәзірі, тағам сапасын бақылау және санитарлық талаптарға қатысты құжаттардың болуы тексерілді.

Қорытынды: Мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталуы, оқушыларға сапалы әрі қауіпсіз тағам ұсынылуы және қажетті құжаттардың уақытылы жүргізілуі тұрақты бақылауда болуы қажет.