Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Сам жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің асханасында оқушыларға берілетін тамақтың сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, ас дайындау және тарату орындарының тазалығы, азық-түлік өнімдерінің сақталу талаптары, тағамдардың сапасы мен жарамдылық мерзімдері қаралды.

Сонымен қатар, дайын тағамдардың оқушыларға белгіленген мәзірге сәйкес берілуі, тағамның температуралық жағдайы және асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы бақылауға алынды.

Тексеру нәтижесінде асхананың жалпы санитарлық жағдайы жақсы деп бағаланды.