Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Тексеру барысында асхана құжаттары, тамақты дайындау технологиясының сақталуын қарады. Тағамның дәрумендік құрамын сақталу жолын түсіндіріп айтты. Медбике асхана құжаттарының толық екендігін, күнделікті қол қойып толтырып отырғанын айтты. Келесі айда қызметкерлердің медициналық сақтандыруларының жарамдылық мерзімі бітетінін ескерттіп айтып, уақыты келгенде өту қажет екендігін айтты. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі жайлы құжаттары, көпшілік тамақтану ұйымдарында сақталады. Тағам өнімдерін тасымалдау үшін арнайы санитарлақ-эпидемиологиялық сараптамасы бар автокөліктерді пайдаланады. Тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, арнайы киім киіп, медициналық тексерістен өтеді. Балалардың денсаулығын олардың үйлесімді өсуі, дене және жүйкелік-психикалық дамуын, ішкі ортаның жұқпалары мен басқа жағымсыз факторларының әрекеттеріне тұрақтылықта қажетті болатын, тиімді тамақтанусыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен бірге, дұрыс ұйымдастырылған тамақтану балалаларда мәдени-гигеналық дағдыларды, пайдалы әдеттерді, тиімді тағамдық тәртіп деп аталатын, мәдени тамақтану негізін қалайды. Дұрыс тамақтану Сіздің балаңыздың дамуында баланың өсуіне, оның ақыл-ойы және дене дамуында маңызды рөл атқарады. Тамақтану технологиясын сақталуын бақылап отырмыз. Сынамаларға уақыты мен күнін белгілеп күнделікті алынып отыр. Өнімдердегі дәрумендерді жоғары температурадан ғана қорғау керек деп ойлайды. Көкөністер мен жемістерді дұрыс сақтау, кейін өңдеуге түскен соң да бүлінбеуін қамтамасыз етеді. Мысалы, С дәрумені жарықта және бөлме температурасында сақталған көк шөптерден тез кетеді. Олар үшін тоңазытқышта нөлдік температураны сақтап тұрады. Дәл сол жерде көк шөпті қызанақ, қияр, қырыққабат және басқа да ылғалы бар өнімдермен бірге сақтауға болады. Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Асханамыз да тағамның дәрумендік құрамы сақталып, арнайы мәзірге сүйене отырып дайындалады.