2025 жылдың 16 қазанында «Сам жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ас блогының, өнімдерді сақтауға арналған орындардың жай-күйі тексеріліп, хаттама толтырылды. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген жарақаттар, күйіктер анықталмады. Бастауыш сыныптар 308 оқушы 5-11 сыныптар арасы аз қамтылған отбасыдан шыққан 292 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Күн сайын барлық мектеп оқушылары үшін бір реттік ыстық тамақ ұйымдастырылады. Ас блогында өнімдерді сапалы сақтауға жағдай жасалған. Тексеру барысында анықталған: 1)Асхана талапқа сай құрал-жабдықпен толықтырылған 2) Ас мәзірге сай дайындалған төрт аптаға арналған мәзір бар, мәзір әртүрлі, жақсы бақылау өлшеуі жүргізіліп, сынамалар тексерілді: барлығы нормаға сәйкес келеді. 3) Комиссия мүшелері ас бөлігін балалардың жас қажеттіліктеріне сәйкес келетінін атап өтті. 4) Комиссия құрамы ас блогына барды: бұзушылықтар анықталған жоқ. 6)Бракераж журналы стандартты, уақтылы, дұрыс толтырылады. Есепке алу журналында сапасыз өнімді жеткізу жағдайлары тіркелмеген. Барлық қажетті құжаттар, журналдар уақтылы толтырылады. Ұсынымдар: 1.Сынып жетекшілері оқушылармен тамақтану мәдениеті туралы әңгімелер өткізсін. 2. Тексеру нәтижелері ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне жеткізілсін және ресми сайтқа орналастырылсын.

