Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сам жалпы білім беретін мектеп» КММ-де бракераждық комиссия мүшелері асханадағы азық түліктердің сапасын, ас мәзірінің дұрыс әзірленуі, сақталуы, ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында комиссия мүшелері мен медицина қызметкерінің қатысуымен тексеру жүргізілді. Асханадағы дайындалған тағам жарамды, қажетті құжаттардың болуы және тыйым салынған тағамдардың дайындалмауы қадағаланды. Дайындалған ас мәзірі менюге сай әзірленді. Мектеп асханасының сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапа мониторинг ісінің қорытындысын дайын өнім өндірісі үдерісінің барлық сатысында талаптардың орындалуы, мәзірдің сақталуы және тоңазыту-технологиялық құрылғылардың қызметін қадағаланды. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексерілді. Тексеру барысында қоймалық бөлмелерде шикі азық-түліктердің сапасын бақылау журналы арналмаған, сонымен қатар қант, тұз т.б. пластмасса ыдыста тұруға болмайтыны үнемі ескертілетін болғандықтан, ондай олқылықтар орын алған жоқ. Асхана қызметшілері шеті сынған, жарылған ыдыстарды оқушылар үшін қолдануға тыйым салынатыны туралы біледі және қолданыста жоқ екені анықталды. Барлық жұмыскерлер қолының тазалығына баса назар аударылды, сақина, сағат т.б. заттар анықталған жоқ. Киімі таза санитарлық киімде жұмыс істеуде.