2025 жылдың 01 тамызынан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Акция мақсаты: аз қамтылған, көпбалалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету, әлеуметтік қолдау көрсету және балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету.
Акцияның аясында әр бір өмірлік қиын жағдайдағы тап болған отбасының балалары көмек ала алады.Өз кезегінде,барлық бей-жай қарамайтын азаматтар,кәсіпкерлер меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға көмек көрсете алады.
Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі.Балаларға мектепке дайындауға көмек көрсетуге ниет білдіргендер көрсетілген мекен-жайы бойынша немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.Әр бала мектепке сеніммен және қуанышпен баруы үшін күш біріктірейік!
Құжаттама
| Аты | Түрі мен өлшемі | |
|---|---|---|
| мектеп сам | Қараңыз Жүктеу |
