Қазан айының 15-і күні бракеражды тексеру жұмыстары өтті. Жиналысқа 5 адам қатысты, 2 адам қатыса алмады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Бақылау тағамы мен тәуліктік сынымалардың болуын тексеру.
2.Ас блогы қызметкерлерінің санитарлық-гигеналық нормаларды сақтау.
Бірінші мәселе бойынша ата-аналар кеңесінің төрағасы Б.Сарсенбаева сөз алып, бақылау тамағы мен тәулік сынамалардың уақыттары мен жазылып сақталғандығын айтып, тағамдар бүлінбеген таза екендігін айтты. Екінші мәселе бойынша да ата-аналар кеңесінің мүшесі Г.Зарлықова сөз алып, ас блогы қызметкерлерінің санитарлық-гигеналық нормаларды сақтау жағдайы жақсы, таза екендігін айтып өтті.



