2023-2024 оқу жылынан бастап 1-4 сынып, яғни бастауыш сынып білім алушылары толық ыстық тамақ ішу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша 358 білім алушы және әлеуметтік санаттарына қарай 5-11 сыныптардан 246 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.


